Космуратов Бегалы Каирбекович

Бас Директор

Космуратов Бегалы Каирбекович – «РУ-6» ЖШС-ң Бас директоры (әрі қарай – Серіктестік). Серіктестіктің қызметін басқарады. Ұйымның өндірістік стартегиясын дайындап, іске асырады. Өндірістік және қаржылық көрсеткіштерді жақсарту бойынша жұмыстар жүргізеді. Кадр саясатын айқындайды. Бас директордың орынбасарлары және Бас директорға тікелей бағынатын құрылымдық бөлімшелер басшыларының қызметін үйлестіреді. Серіктестіктің сыртқы негізгі қарым-қатынастарын басқарады.

Өзінің еңбек жолын 1992 жылы Қызылорда целлюлоза-картон зауытында инженер-механик ретінде бастаған. «Қазатомөнеркәсіп» ҰАҚ» АҚ жүйесінде он жылдан астам қызмет етіп келеді. Соңғы атқарған лауазымы –  «Қазатомөнеркәсіп» ҰАҚ» АҚ Сатып алу департаментінің директоры.

Урал орман-техникалық институтын инженер-механик мамандығы бойынша, Алматы қаласындағы Д.Қонаев атындағы гуманитарлық институтты заңгер-құқықтанушы мамандығы бойынша және Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ қаржы саласы бойынша бітірген.

Космуратов Бегалы Каирбекович, 1967 жылдың 03 қазанда туылған. Отбасылы, 4 бала тәрбиелеп отыр.